5 Қазан 2024 2024, 00:43 Фото: olympic.kz

Жартасқа өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулдегі әлем кубогінде күміс алды

Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Әмір Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 4 қазанда «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы болып өтті.

Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды.

Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.