Жарма ауданында иесіз үйлер қайта пайдалануға берілмек – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылындағы иесіз үйлер қайта жөнделіп, тұрғындарға пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Бұл елді мекендегі тұрғындардың баспана мәселесін шешуге зор мүмкіндік болмақ. Аталған елді мекендегі үйлер тоқырау жылдарында иесіз қалғандықтан қазір қаңырап бос тұр.
Ауданымызда соңғы бірнеше жыл қалыптасып келген тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында кешенді жоспарларды жүзеге асырып келеміз. Осы мақсатта аудан орталығындағы иесіз тұрған бос үйлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде екі қабатты үш үйден 8 бөлме Қалбатау ауылдық округі иелігіне алынған болатын. Алдағы уақытта бұл үйлерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.Ауданда тұрғындарды баспанамен қамту бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде осы жылы екі бөлмелі 9 жер үй сатып алынып, пайдалануға берілген.
Ауданымызда түрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар нәтижелі атқарылып жатыр. Осы жылы екі бөлмелі 9 үй сатып алынып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін екі бөлмелі 10 үй сатып алу жос-парлануда. Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі бөлмелі 5 үй сатып алынған болатын. Биыл 6 отбасы бас-паналы болды. Қазір баспана кезегінде 94 жетім бала, 66 көпбалалы отбасы, әлеуметтік осал топ қатарындағы 130 адам, 39 мемлекеттік қызметкер және үйлері апаттық жағдайда деп танылған 22 отбасы тұр, - дейді аудан әкімінің орынбасары Талғат Мұратов.Оның айтуынша, Қалбатау ауылындағы қараусыз қалған бұл үйлер сот шешімімен иесіз деп танылған соң қаражат қарастырылып, қалпына келтірілмек.
Қалбатау ауылында иесіз тұрған 3 жер үй анықталды. Осы үйлер сот шешімімен иесіз деп танылған соң, қаражат қарастырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен бірге, қазір аталған ауылда қосымша 3 бөлмелі бір үй иесіз болып шықты. Бұл үйлердің құқық белгілейтін құжаттары жоқ. Тоқырау жылдары қараусыз қалғандықтан және ешбір тіркеуде болмағандықтан иесіз тұрған. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айларында бастап, жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Алдағы уақытта иесіз үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларыға берілетін болады, - дейді Талғат Мұратов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мешітте 140 оқушыға мектеп құралдары тапсырылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы