Жарма ауданында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы басталды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жарма,Қапанбұлақ, Қаратөбе, Белтерек, Жарық, Сұлусары, Ұзынжал, Салқынтөбе ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

нің мәлімдеуінше, мердігер «Алау» ЖШС мемлекеттік сатып алу жұмыстарын аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен.

Жобалардың мақсаты – барлық ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру.

Бүгінгі таңда Жарма ауданы бойынша орталық аудандық аурухана, қалалық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 21 медициналық пункт және «Азат» жеке дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды. Тұрғындарға 91 дәрігер мен 334 медицина қызметкері қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы