"Жаркенттіктердің" жетекшілеріне қатысты үкім шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 6 тамызда Талдықорған қаласының мамандандырылған өңіраралық соты ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген "Жаркенттіктер" ҰҚТ жетекшілеріне қатысты үкім шығарды.
Сонымен, Ж. Бегімбетов ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлімі ("Қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысушылардың түрлері"), 194-бабының 4-бөлімі 1-тармағы ("Қорқытып алу"), 262-бабы 1-бөлімі ("ҰҚТ құру және оған қатысу") көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қауіпсіздік деңгейі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 6 жыл 6 айға
бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ниязов та 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
М.Ниязов жоғарыда көрсетілген баптардан басқа, қосымша ҚР ҚК 367-бабы 4-бөлімі ("Пара беру"), 392-бабы 1-бөлімі ("Шекарадан қасақана заңсыз өту") көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ұқсас мекемеде жазасын өтеумен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - деді ҰҚК баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, 2015-2016 жылдары ҰҚК органдары ХТТ контрабандасымен, сыртқы экономика қызметіне қатысушылардан ақшалай қаражатты қорқытып алумен, алаяқтықпен және т.б. айналысқан ҚР мен ҚХР азаматтарынан тұратын "Жаркенттіктер" трансшекаралық қылмыстық тобы әрекетінің жолын кескен болатын ("Хоргос" ШЫХО, ҚХР ШҰАР "Достық" және "Дулат" постыларында, сондай-ақ Алматы қ. мен Алматы облысының УСҚ маңында).
2016 жылы ТҰҚТ-ның 27 қатысушысы, оның ішінде оларға қамқорлық жасаған кеден қызметінің лауазымды адамдары әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылған болатын. Алайда олардың жетекшілері Ж. Бегімбетов пен М. Ниязов қылмыстық қудалаудан жасырынып, оларға қатысты халықаралық іздестіру жарияланған.
2018 жылдың қыркүйегінде М. Ниязов "Интерпол" желісі бойынша Қырғызстанда ұсталып, Қазақстан Республикасына
экстрадицияланды.
Ж. Бегімбетов ҰҚК қолданған шаралар нәтижесінде 2018 жылдың қарашасында Алматы облысының аумағында ұсталды.