Жәрдемақы мәселесі халықтың жағдайын ескере отырып шешіледі – депутат

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Президент Жолдауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолдауда Президент әлемде су тапшылығы болатынын айтты. Оған қоса, ең өзекті тақырып – бір палаталы Парламент құру туралы бастама. Сенат пен Мәжілісті біріктіру мәселесін қолдаймын. Өйткені Үкіметтің құжаттары Мәжіліске келеді, одан кейін Сенатқа жолданады. Міне, осындай процестерден көп уақытты жоғалтып жатырмыз. Қоғамға, халыққа пайдасын тигізетін заңдарды жылдам қабылдауымыз керек, - деді депутат.

Ол Тоқаев Үкіметке де, депутаттарға де цифровизацияны дамытуға қатысты тапсырма бергенін атап өтті.

Түркістан облысында да жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар бөлініп отыр. Ол үшін тиісті талқылаулар жүргізіліп жатыр, - деп айтты Қырықбаев.

Оның сөзінше, Түркістан өңірінде 2,5 млн-ға жуық халық бар. Жолдауда айтылған әлеуметтік төлем мен жәрдемақы мәселесі халықтың жағдайын ескере отырып шешілетінін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы