Жарбосынова: ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына сайлану – Қазақстанның халықаралық аренада мойындалуы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР СІМ жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің басшысы Мадина Жарбосынова ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасарлығына Асқар Шәкіровтың сайлануына қатысты пікір білдірді.

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайлануы - Қазақстанда 30 жылда болған өзгерістер мен реформалардың мойындалуы. Қаңтар айында Қазақстанның ЕҚЫҰ ұйымына мүше болғанына 30 жыл толады. Парламенттік Ассамблея - ЕҚЫҰ-ның тәуелсіз институты. Ол 1991 жылы құрылды. Біздің парламентшілер ЕҚЫҰ мүшелігіне енгеннің алғашқы күнінен бастап ұлттық делегация ретінде Парламенттік Ассамблеяда жұмыс істей бастады, - деді Жарбосынова.

Оның айтуынша, бұл ұйыммен өзара ынтымақтастық бұрыннан жүзеге асырылады.

Біздің парламентшілер ЕҚЫҰ кеңістігіндегі жаппай қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты резолюциялар мен шешімдерді қабылдауға арналған пікірталастарға қатыса отырып, Қазақстан заңнамасында ол тәжірибені қолданды. Парламенттік Ассамблеяның резолюциялық шешімдері нұсқаулық ретінде жұмыс істейді. Ол кешеннен әркез қажетті, пайдалы дүниелерді алуға болатын. Қазақстанның заңнамасына соның нәтижесінде пайдалы өзгерістер енгізілді деп айтуға болады, - деді ол.

Мадина Жарбосынова атағандай, бүгінде Парламенттік Ассамблеяға Қазақстан өкілінің сайлануы, халықаралық аренада ел мәртебесінің мойындалғанын білдіреді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды. Сол кезде біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміз еліміздің халықаралық кеңістіктегі өсуін білдірді. Асқар Оразалыұлының дипломат болуы да осы лауазымда қызмет етуіне септігін тигізеді. Халықаралық ұйым аясындағы пікірталастар дипломатиялық тұрғыда жинақы және тең болуы керек. Үндістанда елші, Сыртқы істер министрінің орынбасары болған Асқар Шәкіровтің бұл қызметке тұруы Парламенттік Ассамблеяның жұмысын одан әрі жақсартады деп ойлаймын, - деді ол.

ҚР СІМ жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің басшысы қазақстандық өкіл ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары ПА-ның пікірталастарын іскерлікпен қалыптастырып, құрылымдығын қалыптастыратынына сенімді екенін жеткізді.

Қазақстан үшін бұл тек жоғары мойындау мен елдің мәртебесінің асқақтауы ғана емес. ПА-ның жұмысына қатыса отырып, біздің парламентшілер заңнамаға сол алаңда талқыланатын пікірталастардың нәтижесінде заман талабына сай оңтайлы тәжірибені қолдана алатынына сенімдімін, - деп түйіндеді Жарбосынова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы