2 Наурыз 2020 2020, 13:09
"Жарайсың, Дәурен!" Тоқаев "Барысты" жеңісімен құттықтады
Әсіресе, матч барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Барыс" клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы президент өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
"Барыс" клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс "Барыс" клубын жаңа жетістіктерге жетелесін - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.