Жарақаттайтын қару ұстауға рұқсат беру қажеттілігі жоқ – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда бес жылдан бері жарақаттайтын қаруға тыйым салынған. Осы орайда ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов өзін қорғау мақсатында қазақстандықтарға бұл қару түрін пайдалануға рұқсат беру қажеттілігі жоқ екенін айтты.
«Бұл мәселені біз қарастырдық. Мұндай қажеттілік жоқ. Талдадық. 2014 жылы жарақаттайтын қаруға тыйым салдық. Соңғы 5 жылда әсерін көріп жатырмыз. Неге бұрындары жарақаттайтын қару пайдаланылды? Көптеген адамдар оны құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланды. Көптеген адам оны сатып алып, өздерімен алып жүрді. Кез келген оқиға, тіпті жанармай құю бекетінің өзінде жәй сөзге бола қаруын шығарып, қолдануды бастады. Бізде бұл қару өзін-өзі қорғау мақсатында қолданылмай, керісінше қарақшылық, бұзақылық сияқты құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану фактілері көп болды. Яғни, азаматтар оны дұрыс қолданбаған соң басқа елдер секілді осындай тыйым салдық», - деді Байболов.Комитет төрағасы ведомствоның жыл сайын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізетінін айтты.
«Бүгінде полицияға 1,3 мыңнан астам азамат жүгініп, олар 2 мыңнан астам атыс қаруын, 185 мыңнан астам иір ойықты қару патрондарын, 16 келі жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған. Қаруды сатып алу іс-шаралары алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыс санының 42,2% төмендеу тенденциясы олардың тиімділігін көрсетеді», - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы