Жарақат алған ит-мысық арбамен жүретін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украиналық компания жараланған ит-мысықтарға арба жасап шығарды. Бұл туралы «Хабар 24» мәлімдеді. 

Украинада шамамен 50 мың қаңғыбас ит бар. Көшеде қараусыз жүрген жануарларды көлік қағып кету секілді оқыс оқиғалар жиі болып тұрады.

Сондықтан жарақат алған төртаяқтыларға қайырымды жандар барынша көмек көрсетіп жүр. Мәселен, Киевтегі компаниялардың бірі жараланған ит-мысықтарға арнап арба жасап шығарады. Соңғы 10 жылда осындай 2 жарым мыңнан аса құрал өндірілген екен. Жануарларға жергілікті тұрғындар да көмегін аямайды. Мәселен, қаладағы отбасылардың бірі жарақат алған 40 ит-мысықты үйіне паналатқан.

Біз кезінде волонтер болдық. Аяқтары жоқ ит-мысықтарға көмектестік. Оларға қажетті арбаларды шетелден алдыратынбыз. Кейін ойлана келе неге соларды өзімізде шығармасқа деген идея келді. Сөйтіп арбаларды Украинада жасайтын болдық. Мұндай құралдар әр ит пен мысықтың жарақатына қарай жеке-жеке дайындалады,-дейді Frakishtak компаниясының негізін қалаушы Илона Крылова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы