Жақып Асанов Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасымен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары бастаған байқаушылар Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының үйлестірушісі Жақып Асанов бастаған байқаушылар Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жақып Асанов Демократияны дамыту мониторингі халықаралық институтының сарапшылары жүргізген заңнаманы талдауға егжей-тегжейлі тоқталды және ұзақ мерзімді мониторинг қалай өткенін айтып берді. Жасалған талдау сайлау елдің заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін көрсетіп отыр.
ТМД ПАА байқаушыларының үйлестірушісі Парламентаралық Ассамблеяның халықаралық байқаушылары қысқа мерзімді мониторинг аясында партия өкілдерімен, сайлауды басқару органдарымен және сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен кездесулер өткізгенін айтты.
Сағиба Гафарова өз кезегінде ТМД ПАА байқаушыларының жұмысын және жалпы Ұйым шеңберіндегі парламентшілердің ынтымақтастығын жоғары бағалады.
Мониторинг тобының құрамында 38 байқаушы - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген Парламенттер Палаталарының депутаттары, Ассамблеяның лауазымды тұлғалары және Демократияны дамыту мониторингі халықаралық институтының сарапшылары бар.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026