Бүгiн 2026, 12:46
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ
Сталкинг тек көшеде емес, отбасында да болуы мүмкін – психолог
Психолог Гүлнұр Сапарова сталкинг отбасында да болуы мүмкін екенін айтты.
Психолог Гүлнұр Сапарова сталкинг отбасында да болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір отбасының мүшелері бір-біріне сталкинг жасайтын жағдайларды жоққа шығармаймыз. Өйткені жолдасы әйелін, ағасы қарындасын, інісі әпкесін сталкинг жасау, бақылау орын алады. Бұл жерде сталкингке сталкинг ретінде қаралмайды. Бұл – қамқорлықтың артына жасырылған қадағалау, - деді ол.
Маман геолокация арқылы жұбайының рұқсатынсыз оның қайда жүргенін қадағалау да сталкингке жататынын жеткізді.
Мысалы жолдасы 2ГИС-ті әйелінің рұқсатынсыз қосып қояды. Таңертеңнен кешке дейін сенің қайда барып жүргеніңді, не істеп жүргеніңді картадан қарау – сталкинг, - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден тамашалай аласыз.