Жақында тағайындалған Ордабаев қанша жұмыс орны ашылатынын айтты
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл ұлттық жобалар аясында 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмыспен қамту процессі толығымен цифрландырылып, электронды еңбек биржасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысқа орналасу процесінің ашықтығы және қолжетімділігін көздейді. Азаматтардың, оның ішінде әйелдердің жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру және өз ісін ашуға мемлекеттік қолдау көрсету бар, - деді Ордабаев.
Ол атағандай, бұл шаралар Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатыр.
Жеті айда ұлттық жобаға қатысқан 325 мың адамның 63%-ы немесе 205,3 мыңы әйелдің үлесіне тиесілі, оның ішінде 104,7 мыңы ауылда тұратын әйелдер құрап отыр.Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді курстармен 5,7 мыңнан астам әйел қамтылды.Курсты аяқтағандардың 73%-ы жұмысқа орналастырылды.Бұдан басқа еңбек ресурстарын дамытуда бүкіл халық үшін оқытудың цифрлық форматына баса назар аударылған. Кәсіпкерлікте әйелдер бастамаларын қолдау бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. 862 әйел 400 АЕК (1,2 млн теңге) көлемінде өтеусіз гранттар түрінде осындай қолдау алды, - деді Олжас Ордабаев.
Форум республика бойынша жоспарланған 4 өңірлік форумның үшіншісі. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша қарашада Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы өтеді.