Жақында қызметінен босатылған Павлодар әкімі басқарма басшысы атанды

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Ержан Бейбітұлы Иманзаипов өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Ержан Бейбітұлы Иманзаипов өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2006-2011 жылдар аралығында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы болып қызмет етті.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Ақмола облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары, содан кейін 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болып еңбек етті.

2014-2017 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 

2017 жылдан 2019 жылға дейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 

2019 жылдан 2020 жылға дейін Екібастұз қаласының әкімі болды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының әкімі болды.

Еске салсақ, 4 қыркүйекте Ержан Иманзаипов Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды. Арада бір апта салып, оның орнына Хасар Хабылбеков қалаға жаңа әкім болып келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы