Жақсылық Үшкемпіров турниріндегі жаңа рекорд
Грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аты аңызға айналған спортшысы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы, Ресей мемлекеттері өз балуандарын алып келді. Бұл елдер саны бойынша өз деңгейіндегі рекорд саналады.
10 салмақ бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан жарыста 234 бозкілем шеберлері күш сынасты. Сонымен тқрешілердің шешімі бойынша алғашқы жеңіс тұғырына төмендегі балуандар көтерілді.
55 келі
1-орын. Әлібек Амиров (AIN)
2-орын. Айбек Айтбеков (Қазақстан)
3-орын. Арсен Жұма (Қазақстан)
3-орын. Хусейн Савадов (Әзербайжан)
63 келі
1-орын. Ерзу Закриев (AIN)
2-орын. Дамир Ибрашов (Қазақстан)
3-орын. Махаммад Шукурзаде (Әзербайжан)
3-орын. Даниал Молдабек (Қазақстан)
72 келі
1-орын. Руслан Нуруллаев (Әзербайжан)
2-орын. Тайыр Амангелді (Қазақстан)
3-орын. Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан)
3-орын. Ақжан Ықыласов (Қазақстан)
82 келі
1-орын. Ерасыл Жеңіс (Қазақстан)
2-орын. Исмаил Рзаев (Әзербайжан)
3-орын. Рамазан Пашаев (Украина)
3-орын. Жанболат Бекен (Қазақстан)
97 келі
1-орын. Егор Якушенко (Украина)
2-орын. Амирхон Бердіқұлов (Өзбекстан)
3-орын. Максим Аверин (AIN)
3-орын. Баһрам Құрбанов (Қырғызстан)
2017 жылдан бері жарыс халықаралық турнир дәрежесіне көтеріліп, жылдың күнтізбесіне енгізілді. Турнирды ұйымдастырушылардың бірі Самат Баймұханов биылғы доданың маңызызына тоқталып кетті.
Биыл Париж Олимпиадасы өтетіндіктен, осы жарысты ерте ұйымдастырып жатырмыз. Бірақ бір артықшылығы – біршама елдер Олимпиадаға дайындық мақсатында арнайы түрде келіп, жарыс көркін қыздырып жатыр.
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты, Азия чемпионатын қабылдаған «Жекпе-жек» сарайы уақыт өткен сайын деңгейі жоғарылап барады. UWW-дан келген делегат та алдағы уақытта осы жерде әлем чемпионатын өткізу туралы идеясы барын жасырмады.
Басқа да мемлекеттер жоғары сыйақы, уақыттың қолайлығына байланысты келер жылы қатысуға қызығушылықтарын білдіріп жатыр, - дейді С. Баймұханов.
Жарыстың алғашқы жеңімпаздары ақшалай сыйақы (1-орын – 1,5 млн теңге, 2-орын – 1 млн теңге, 3-орын – 500 мың теңге, чемпионның бапкері – 100 мың теңге) және медальдармен марапатталды.
Бүгін тағы 5 салмақта жүлдегерлер белгілі болады.