"Жақсы үлгі емес". Министр ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты ойын айтты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 1 балл алған Ерасыл Уәлиевке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кейбір азамат өзінің қалыптан тыс шешімімен, түрімен, әрекетімен өзінің ерекшелігін көрсеткісі келеді. Ол ҰБТ-ны екі мәрте тапсырды. Бірінші рет тапсырғанда ол 94 балл алған. Екінші рет тапсырғанда тестілеу орталығында 4 минут қана отырған. Бұл оның алдын ала жоспарланған әрекеті, акциясы болып отыр, - деді министр үкімет отырысынан соң өткен брифингте.
Саясат Нұрбектің мыңдаған түлек үшін ҰБТ тегін оқуға мүмкіндік екенін айтты.
Сондықтан бұл бір адамның акциясы, оған баға беруден аулақпын. Ол өзінің ерекше екенін көрсеткісі келді ме, білмеймін. Бірақ бұл қалғандарына дұрыс үлгі деп санамаймын. Ол өз ұстанымын білдірді, - деді Саясат Нұрбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде жаңа үйлерді салуға отандық материалдары қолданылды
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы