Жақсы өмірді аңсаған шетелдіктер шекара асып бара жатқан жерінен ұсталды

Өмір сүру жағдайын жақсартқысы келіп Еуроодақ елдеріне жол тартқан шетелдіктер Қазақстан-Ресей шекарасын өтіп бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2023 жылғы 4 тамызда ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. 

Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан. Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы