Жақсы өмір сүру үшін айына қанша теңге табу керек? Депутат жауап берді
Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін айына кемінде 500 мың теңге табу керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат бұл туралы елордада өтіп жатқан Еңбек күніне арналған форумның кулуарында сөз етті.
Жақсы өмір сүру үшін бүгінгі күні кемінде 500 мың теңге жалақы табу керек, - деді ол.
Депутат «85 мың теңгеге» қатысты түсінік дұрыс қалыптасуы үшін міндетті түрде соған өмір сүру керек дегенді білдірмейтінін айтты.
Бұл экономикалық көрсеткіш. Яғни экономикамыздағы ең төменгі айлық көрсеткіш. Кітапханашылар сияқты (айлық алатын - авт.) адамдар бар. Оны жоққа шығара алмаймыз, - деп айтты Олжас Құспеков.
Сонымен қатар депутат бір айлыққа ғана қарамай, қосымша табыс табуға болатынын да айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АӨСШК: 8 нақты бағытты көрсететін Жол картасы мақұлданды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы