"Жақсы әрі мазмұнды": Зеленский Тоқаевпен не туралы әңгімелескенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін "жақсы әрі мазмұнды" деп сипаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Қазақстанға Украина тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айтып, халықаралық құқық нормаларын және БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау маңызды екенін атап өтті.

Шын мәнінде, халықаралық құқық, БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттары және ақыл-ойдың өлшемі, яғни мемлекеттердің шекаралары мен аумақтық тұтастығына, әрбір халықтың қадір-қасиетіне құрметпен қарау – үстем болуға тиіс.

Кез келген халық үшін оның тәуелсіз елін жай ғана «аумақ» ретінде қарап, бөлшектеуге тырысудың аса қауіпті екенін атап өттім. Тарих талай рет дәлелдеді: егер мұндай әділетсіздік бір мемлекетке қатысты жасалса, бұл онымен тоқтап қалмайды, – деді Зеленский.

Еске салайық, Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы