Жаппай төбелеспен аяқталған әскери сайысты өткізгендер жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталғаны БАҚ беттерінде хабарланды. Осы сайыс өткен Мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
2021 жылы 22 ақпанда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы № 4 мектептің 11 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз - 2021» әскери дайындық бойынша мектепаралық жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс Мәдениет үйінде өткен. Жеткіншектер әділқазылардың шешіміне келіспеген әрі ұйымдастырушылар Арыс қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына алдағы іс-шара туралы хабарламады, - делінген комитеттің хабарламасында.
Карантин режимін бұзғаны үшін мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды.
Оған ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 230 АЕК (670 910 теңге) айыппұл салынды, - деп толықтырды департаменттің ресми өкілі.
Айта кетейік, КТК телеарнасы жарыстың арты төбелеспен аяқталғанын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы