Кеше 2026, 23:45 Фото: pexels.com

Жапонияның солтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері Токионың кейбір бөліктерінде де сезілді.

Жапонияның солтүстік-шығысы мен солтүстігінде 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болып, аймақтың Тынық мұхиты жағалауында цунами пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Kyodo News агенттігінің хабарлауынша, екі адам жарақат алған.

Жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша жер сілкінісінің күші 5 баллға жетті және 19 шақырым тереңдікте болды. Дүмпулер Токионың кейбір бөліктерінде де сезілді. Шкала бойынша «5-ші дәреже» адамдардың бірдеңеден ұстамай жүру қиын болатын деңгей ретінде сипатталады.

Жергілікті билік екі адамның жарақат алғанын хабарлады: 80 жастағы ер адам құлап, аяғын сындырды, ал 20 жастағы әйел ми шайқалды.

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметі бойынша, Ивате префектурасындағы Куджи портында 80 см цунами тіркелді. Агенттік тағы бір күшті жер сілкінісінің қаупінің артуына байланысты Хоккайдодан Чибаға дейінгі жеті префектурадағы 182 муниципалитетке бір апталық арнайы ескерту жариялады.

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың тұрғындарын биік жерлерге көшіруге шақырды.

Жер сілкінісінен кейін Тохоку Синкансен жоғары жылдамдықты пойызының қызметі тоқтатылғаны атап өтілді.