Жапониялық туристер Байқоңырдан ғарышқа аттанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғарыш туристері Байқоңырға соңғы 12 жылда алғаш рет келді. Желтоқсанның 8-і күні екі жапон турисі мен ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин Халықаралық ғарыш станциясына аттанады. 

Бұған дейін экипаж дайындықтарын жалғастырады. Олар халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болады. 

Айта кетейік, кеңістіктегі станцияға ғарыш саяхатшылары соңғы рет 2009 жылдың қазан айында барған. Жалпы онда 7 турист болып қайтқан.  

Толқып тұрғаным соншалық көзіме жас келіп тұр. Мұның барлығы адамға қатты әсер етеді екен - дейді ғарыш турисі Юсаку Маэдзава. 

Ал ғарышкер Александр Мисуркин ғарыш кемесін тексеріп, танысып жатқандарын айтты.

Киімдерді киіп көріп, кемені қарап шықтық. Барлық басқару жүйелерін тексеріп кемедегі жағдайға бойымызды үйретіп жатырмыз - дейді ғарышкер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы