Жапониялық каратешілер Қазақстан құрамасына видео-сәлемдеме жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратеден Қазақстан құрамасы Жапонияда жоспарланған жаттығу жиынына қатыспайтын болды, деп хабарлады Olympic.kz.
Қазақстан ҰОК пен Жапонияның Ибараки перфектурасы арасындағы келісім негізінде каратеден Қазақстан құрама командасы биыл жазда Юки қаласында жаттығу жиынына қатысуы керек еді. Бүкіләлемде болып жатқан пандемияға байланысты Ибараки перфектурасының Юки қаласында жаттығу өтпейтін болды. Соған қарамастан, екі жыл ішінде қос команда өкілдері достасып үлгерді.Жоспарланған жиынға Қазақстан құрамасы қатыса алмайтын болғандықтан Юки каратешілері отандастарымызға бейнесәлемдеме жолдады. Сәлемдемеде жапониялық каратешілер кездесудің өтпей қалғанына өкініш білдіріп, Қазақстан құрамасына Олимпиада жолына сәттілік тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды
Өзгелердің жаңалығы