21 Қараша 2026, 16:48 Фото: istockphoto.com

Жапониядағы жанартау атқылап, күл бағаны бір шақырым биіктікке көтерілді

Сакурадзима жанартауының атқылауы салдарынан күл бағаны кратерден бір шақырымға жуық биіктікке көтерілген.

Жапонияның оңтүстігінде Сакурадзима жанартауы атқылады. Жанартау күлінің бағаны кратерден шамамен 1 000 метр биіктікке көтерілді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады. 

Жапонияның Кюсю аралының оңтүстігіндегі Кагосима префектурасында орналасқан Сакурадзима жанартауы атқылады.

Белгілі болғандай, атқылау кезінде жанартау күлінің бағаны кратерден шамамен 1 000 метр биіктікке көтерілген.

Жанартау Кагосима қаласынан шамамен сегіз шақырым жерде, Кинко шығанағының қарама-қарсы жағалауында орналасқан.