Жапониядағы Сурдлимпиадада ел намысын 79 спортшы қорғайды
2025 жылғы 15–26 қараша аралығында Токиода XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан 33 жыл бойы Сурдлимпиадалық қозғалыстың белсенді қатысушысы. 1997 жылы еліміздің ұлттық құрамасы алғаш рет Сурдлимпиада ойындарына қатысты. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадада 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола.
Қазіргі таңда ұлттық құрама Сурдлимпиада ойындарына дайындықтың шешуші кезеңінде. Бүгін ең маңыздысы – спортшылардың рухани бірлігі мен командалық ауызбіршілігін сақтау, алдағы жарыстарға сеніммен қадам басу. Бұл ойындарда олар тек өз атынан ғана емес, ел намысын қорғап, Қазақстанның сенімін арқалап шығатын болады. 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда ұлттық құрамамыз 29 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 13-орынға ие болды. Биыл Қазақстан жетінші рет Сурдлимпиада ойындарына қатысады, - деді Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев.
Токиода өтетін жарыстарда еліміздің намысын 79 спортшы сегіз спорт түрі бойынша қорғайды: жеңіл атлетика, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі, бадминтон, жүзу, еркін және грек-рим күресі.
Токиода өтетін жарыстарда 79 спортшы сегіз спорт түрі яғни жеңіл атлетика, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі, бадминтон, жүзу, еркін және грек-рим күресі бойынша сынға түседі.