Жапониядағы атом электр стансасына төнген қауіп жоқ
Жапонияда 1 қаңтарда болған жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 161-ге жетті. Ал із-түзсіз жоғалғандар қатары 100 адамнан асады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Іздеу-құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Жалпы дүние жүзі халқын әлі де алаңдатып отырғаны – елдегі атом электр станцияларының жай-күйі.
Өйткені 7,6 балдық жер сілкінісі өте қуатты. Арада 8 күн өтсе де, табиғи апаттың салдарымен күрес әлі жалғасып жатыр. Зілзала ошағына ең жақыны Шика атом электр станциясы болатын. Жыл басынан бері Жапонияда негізгі зілзаладан кейін 900-ге жуық жерасты дүмпуі тіркелген.
Абырой болғандар елдегі атом электр станциялары еш қауіп төнген жоқ. Мамандар зілзала ошағына ең жақын Шика зауытын тексеріп, ешқандай ақау болмағанын мәлімдеді. Бірақ халық арасында үлкен үрей болған.
Исикава префектурасында түскі сағат 4-тен аса 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентрге жақын Шика атом электр станциясынан бастап басқа нысандардың бәрі жіті тексерілді. Ешқандай ақау табылған жоқ. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ деп сеніммен айта аламыз, - деді Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёсимаса Хаяши.