Жапонияда жыртқыштарға қарсы робот қолданыла бастады
Ал Жапонияда халықпен бірге аңшылар да қартайып барады. Мұның соңы аюлар шабуылының көбеюіне әкелді, дейді BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Былтыр наурыздан осы жылдың наурызына дейін Күншығыс елінде түз тағысы тарапынан 219 шабуыл жасалған. Солардың алтауы кісі өлімімен аяқталды.
Ал 2020 жылғы статистикаға жүгінсек, мұнда аң-құс атуға рұқсаты бар аңшылардың 60 пайызы алпысты алқымдаған. Билік қариялардың аюмен алыспақ былай тұрсын, қару ұстауға шамасы жете ме деп алаңдайды. Осы себепті олар мәселені басқаша шешуге кіріскен. Жергілікті компания жасап шығарған роботты жыртқышқа қарсы қолдана бастады.
Бұл құлтемір 60 түрлі дыбыс шығарады. Ұлиды, адамның да даусын салады. Атылған оқтың жаңғырығын бір шақырымға дейін жеткізіп береді. Жапон билігі аңшылықты үйренетін жастар табылмаса, осылай амалдауға мәжбүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы