Жапонияда жер сілкінісінен Кюсю аралығындағы жанартау оянуы мүмкін

Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) Кюсю аралында орналасқан Симмоэ жанартауының ояну қаупі жоғары екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

JMA сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қауіптілік деңгейі бес балдық ықтималдылық шкаласы бойынша екіден үш балға дейін артқан.

Ал синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, жанартау атқылау салдарынан ірі қалдықтар төрт шақырым қашықтыққа дейін ұшуы мүмкін. Соған байланысты жапониялықтарға ол жерге баруды кейінге қалдыра тұруға кеңес берілді.

Биіктігі 1420 метрді құрайтын Симмоэ соңғы рет 2018 жылы атқылаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы