7 Қараша 2026, 19:49 Фото: istockphoto.com

Жапонияда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Жапонияның шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Токио орталығында да сезілген.

Жапонияның шығыс жағалауында болған жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Мияги, Фукусима және Ибараки префектураларында жерасты дүмпулерінің күші 3 балға жеткен. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге ақпарат жоқ.