Жапонияда жаңа премьер-министр сайланды

Жапония парламентінде премьер-министр сайлауы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Оның қорытындысы бойынша ел үкіметін енді либералды-демократиялық партия өкілі Сигэру Исиба басқарады. Күншығыс елінің 103-і премьер-министрі атанған Сигэру сайлаудың екінші турында 221, ал оппозиция өкілі Ёсихико Нода 160 дауыс жинады. 

Бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жетуге қажетті 233 дауысты жинай алмады. Сайлаушылардың 221-і Сигэруды, 151-і Ёсихиконы, 28-і тағы бір кандидат Юитиро Тамакиді қолдады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жапония үкіметі түгелдей отставкаға кеткені туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы