Жапонияда жабайы маймылдар адамдарға шабуылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония полициясы жабайы маймылдардың шабуылын тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр. Бұл туралы BBC News хабарлады. 

Соңғы аптада Ямагути қаласында жапондық макакалардың шабуылынан 42 адам зардап шеккен. Олардың арасында балалар мен егде жастағы тұрғындар бар. Маймылдар тырнап, тіпті тістеп те алған. 

Жануарларды тұзақ құру арқылы ұстауға тырысудан түк шықпаған. Адамдар олардың пәтерге, үйге, мектепке дейінгі мекемелерге кіріп кетіп жатқандары туралы айтуда. 

Бір кездері саны азайып кетті делінген жапондық макакалар соңғы уақытта күрт көбейген.

Ямагата университетінің зерттеу деректеріне сүйенсек, олардың тым көбейіп кетуі жергілікті халыққа зиянын тигізіп жатыр.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы