Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Тосихару Фурукава алғаш рет үкімет құрамына кіруі мүмкін. Ал ЛДП-да парламентпен жұмыс жөніндегі комитет төрағасы қызметіне Хидэки Мурай тағайындалуы ықтимал.
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитидің жоспарлаған үкіметтегі кадрлық өзгерістері 17 қыркүйекте өтеді. Ал келесі күні биліктегі Либералдық-демократиялық партияның басшылығында өзгерістер күтіледі.
Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Тосихару Фурукава алғаш рет үкімет құрамына кіруі мүмкін. Ал ЛДП-да парламентпен жұмыс жөніндегі комитет төрағасы қызметіне Хидэки Мурай тағайындалуы ықтимал.
Көптеген қазіргі басшылар өз қызметтерін сақтап қалады деп күтілуде. Олардың қатарында партияны іс жүзінде басқаруда маңызды рөл атқаратын ЛДП бас хатшысы Сюнъити Судзуки де бар. Ол либерал-демократтар арасында ықпалды саналатын Таро Асоның жұбайының ағасы. Асо 2025 жылы Такаитидің партия көшбасшысы және премьер-министр қызметіне сайлануына белсенді түрде қолдау көрсеткен. Оның қолдауы Такаитиге 2027 жылғы сайлауда да қажет.
Такаити 2025 жылғы сайлауда өзіне қарсылас болған саясаткерлерді жоғары лауазымдарда қалдыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Қорғаныс министрі Синдзиро Коидзуми, Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги, Әкімшілік істер және коммуникациялар министрі Ёсимаса Хаяси және ЛДП Саяси кеңесінің төрағасы Такаюки Кобаяси бар.
Олар 2027 жылы қазіргі премьер-министрге мықты бәсекелес болуы мүмкін. Алайда қарсыластарын басшылық құрамында сақтау олардың әрекетін шектеп, тіпті Такаитидің баламасыз негізде қайта сайлануына әкелуі мүмкін деген болжам бар.