Жапонияда турнирден соң екі боксшы көз жұмды

Жапонияда өткен бокс турнирінен кейін екі боксшы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы мәлімдеді.

28 жастағы жапон боксшысы Хиромаса Уракава рингте алған ауыр жарақатынан көз жұмды. Ол Токио қаласында өткен жекпе-жекте отандасы Ёдзи Сайтоға қарсы шығып, сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген.

Бұған дейін дәл осы турнирге қатысқан тағы бір жапон боксшысы, 28 жастағы Сигэтоси Котари, субдуралды гематомаға байланысты шұғыл ота жасатқанымен, алған жарақатынан қаза тапқан.

Айта кетейік, Уракава кәсіби мансабында 10 жеңіске жеткен (оның жетеуі — нокаутпен) және 4 рет жеңілген. 2024 жылдың сәуірінде ол Котаримен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы