Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 75-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда «Хагибис» тайфунынан опат болғандар саны 75-ке жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Тағы 10-нан астам адамның тағдыры беймәлім. Құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасуда. Ал табиғат апатынан жарақат алғандардың саны 220-ға дейін жетті. Мамандар апат зардабын жою үшін 6,5 миллион доллар қаражат қажет екенін айтады. Елдің солтүстік-шығысында бірнеше аудан топан су астында қалды. Ал толассыз жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан тасып, бөгеттер бұзылған. Шамамен 12 мың баспанада жарық өшті.
Еске сала кетейік, сұрапыл тайфун Жапония жағалауына сенбі күні жеткен болатын.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық әскери қызметшілер бүкіләлемдік жарысқа қатысады
Өзгелердің жаңалығы