Жапонияда тайфунға қатысты әуе рейстері кейінге шегерілді

Жапонияның оңтүстігіне «Канун» тайфуны жақындап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты 300-ге жуық әуер рейсі кейінге шегерілді. 

Әсіресе Окинава префектурасы және Кюсю аралындағы Кагосима қаласы арқылы өтетін ұшақтардың кестесі өзгерді. 

Кеме қатынасы да уақытша тоқтатылды. Метеорологтар желдің жылдамдығы секундына 40 метрге жетеді деп ескертті. Дауыл соңы жауын-шашынға ұласуы мүмкін. 

Тұрғындарға қажет болған жағдайда қауіпсіз жерге көшірілетіні ескертілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы