Жапонияда тайфунға байланысты 230-ден астам әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияда "Шаньшань" тайфунының жақындап қалуы себепті 230-дан астам рейс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, тайфун Окинава префектурасының аралдарына жақындап қалған. Тайфун 28 тамызда таңертең Окинаваның аралдарына, ал кешкісін оңтүстік-шығыстағы Кюсю аралында болады деген болжам бар.
Бұған әуежайлар мен әуе компанияларының мониторингтік сервистерінің деректері негізінде жасалған есептеулер куә.
Негізінен Japan Airlines компаниясының әуе рейстері тоқтатылды (28 тамызда 82 ішкі рейс пен 29 тамызда – 60 рейс). Одан бөлек, халықаралық бағыттағы алты ұшу кейінге шегерілген.
Тайфун орын алатын аудандағы желдің жылдамдығы 45 м/с, ал ауа екпіні 65 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жастар арасында "Uly dala saryny" сыйлығына байқау басталды
Өзгелердің жаңалығы