Жапонияда роботтар жұмыстан қысқартылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Робот қызметкерлері бар әлемдегі алғашқы қонақ үйде 243 роботтың тең жартысы жұмыстан қысқартылмақ. 

Адамдарды роботпен алмастырған отель 2015 жылы Жапонияда ашылған. Ондағы әкімші, тазалаушы, жүк тасушы және көмекшінің қызметін түрлі роботтар атқарып келген. 2019 жылдың қаңтарында Henn-na қонақүйінің басшысы роботтардың тиімсіз екендігін және жұмыс орнында үнемі проблемалар туындап жататындығын мәлімдеді. Мекеме енді қызмет көрсету стандартын сақтау үшін штатқа адамдарды алмақ. Өйткені роботтар жиі істен шығып, қонақтарға кедергі келтіреді. 

«Роботтарды жұмыста пайдаланғанда олардың да керексіз боп қалатын тұстарын, тіптен адамдардың ашуына тиетінін ұғасыз», -дейді HIS ірі жапондық туроператордың президенті Хидео Савада.

The Wall Street Journal роботтардың өз қызметін атқара алмаған бірнеше жағдайын тізіп шығыпты. Мәселені шешуі үшін қайта-қайта адам қызметкерлерді көмекке шақыруға тұра келген.

Чури есімді ассистент робот қонақтардың сұрағына жауап беруі керек болған, алайда ол қарапайым сұрақтарға да жауап бере алмаған. 
Әр нөмірде көмекші робот тұрған. Келушілердің айтуынша, роботтар ұйқы кезіндегі адамдардың қорылына жауап беріп, «Қандай көмек көрсете алам» деп жанына келіп тұратын көрінеді. 

Henn-na әкімшілігі, бұл мәселелерде технологиялардың тез ескіріп отыратынын да алға тартты. Кейбір роботтар қонақүйде төрт жыл жұмыс істеген, бұл аралықта көптеген құрылымдар алға дамып кеткен. Басшылық автоматтандырылқан қонақүй тұжырымынан бас тартпайтындығын айта келе, кешенге әзірге адамдардың қажет екендігін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы