Жапонияда құс тұмауы таралуы себепті 1,5 млн-нан астам тауықтың көзі жойылады

Жапониядағы Окаяма және Ибараки префектурасының билігі құс тұмауы таралып жатқандықтан, 1,5 млн-нан астам тауықтың көзін жою туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТАСС агенттігі мәліметтің елдің ауыл шаруашылығы министрлігі таратқанын айтты. Окаямада құс тұмауының өршуі салдарынан Курасики қаласында 510 мың тауықтың көзі жойылады. 

Тұмаудың көп таралуына байланысты жою жұмыстарына Жапония өзін-өзі қорғау күшінің әскерлері тартылып отыр. Касумигаура қаласында бірден 1 млн тауық сойылады деп жоспарланған.

Құс тұмауы бұл маусымда осымен төртінші рет таралуда. 

Қазан айының соңында індет Хоккайдо және Окаяма префектураларында таралған еді. Сол себепті 340 мың тауық жойылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы