Жапонияда қаһарлы қыс пен қалың қардан 35 адам қаза тапты

 Жапонияда қатаң қыс пен қатты қар жаууына байланысты болған жол-көлік оқиғалары мен түрлі төтенше жағдайлар салдарынан қаза тапқандар саны 35 адамға дейін артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ал жараланғандар саны 358 адамға жеткен.

Мемлекеттік NHK телеарнасы Жапонияның Өрт және табиғи апаттарды басқару агенттігіне (Шобочо) сілтеме жасап хабарлағандай, ел бойынша қысқы ауа райына байланысты өлім-жітім мен жарақат алу жағдайлары жөніндегі жаңартылған мәліметтер жарияланған.

Мәлімдемеге сәйкес, соңғы 20 күн ішінде қатты аяз бен қалың қардан туындаған оқиғалар нәтижесінде 35 адам қаза болып, тағы 358 адам жарақат алған.

Ең көп зардап шеккен өңір – Ниигата префектурасы. Бұл аймақта 12 адам қаза тапқан. Акита префектурасында құрбандар саны 7 адамды, Ямагатада – 5 адамды құрады. Ал Хоккайдо мен Аомориде – әрқайсысында 4 адамнан қайтыс болған. Сондай-ақ Ивате, Нагано және Симане префектураларында бір адамнан көз жұмған.

Жапонияның Метеорологиялық агенттігі оңтүстіктен келетін жылы ауа массасының әсерінен ауа температурасы көтерілгенін хабарлап, азаматтарды қар көшкіні жүруі және ғимараттардың шатырынан қардың құлап кетуі қаупіне байланысты барынша сақ болуға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы