Жапонияда патша Нарухито ресми түрде билеуші деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда патша Нарухитоны ұлықтау – ресми түрде билеуші деп жариялау рәсімі өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Салтанатты шара қазан айында дауылға байланысты кейінге шегерілген болатын. Патша әулеті керуені Токионың орталығымен жүріп Акасакадағы резиденцияға барды. Олармен үкімет басшысы және өзге де лауазымды тұлғалар еріп жүрді. Мерекелік шараны тамашалуға мыңдаған адам жиналды.Еске сала кетейік, Жапонияның жаңа патшасы Нарухито биыл 1 мамырда таққа отырған. Себебі оның 85 жастағы әкесі Акихито өзінің жасына байланысты биліктен бас тартқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы