Жапонияда Олимпиаданың өтуіне қарсы халық ереуілге шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты. Тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы, деп жазды Хабар24.
Ұлттық стадион алдында жиналған көпшілік пандемия кезінде бұл доданы өткізу орынсыз дейді. Сонымен қатар наразылар «Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді» деп ұрандатты. Айтуынша, қазірдің өзінде Жапония билігі қазынадан 15 млрд 4 млн доллар қаражат жұмсаған. Ал халықаралық Олимпиада комитеті болса, телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келеріне сенімді.
Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты. Тіпті айтарға сөзім жоқ, - деді жергілікті тұрғын Кумико Суто.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда темір жолдың бойындағы құрғақ шөп өртенді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы