Жапонияда Олимпиада стадионы салынып бітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония Токио Олимпиадасына тыңғылықты дайындалып жатыр. Күншығыс жаңа ұлттық стадионның құрылысын аяқтап, нысанды мемлекеттің спорттық кеңесіне тапсырды, деп жазды Хабар24.
60 мың адам сыятын кешен олимпиада мен паралимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттарын қабылдайды. Сонымен қатар жеңіл атлетика сайыстары өтеді.Кешеннің құрылыс жұмыстарына 1,4 млрд доллар қаржы жұмсалды. 21 желтоқсанда ұлттық стадионның ресми ашылуы болады. Жаңа кешенде футболдан император кубогының финалы өтеді. Бұған дейін бұл жерде ескі стадион болған еді. Іргетасы 1958 жылы қаланған кешен 1964 жылы Токио Олимпиадасын қабылдаған болатын.
2020 жылғы жазғы олимпиада ойындары Жапония астанасында шілденің 24-де басталады. Ал паралимпиада ойындарының ашылуы тамыздың 25-не жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Моңғолиялық 85 жастағы қария жүгіруден Азия рекордын жаңартты
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы