Жапонияда Назарбаевқа қандай тағамдар ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жапон императоры Нарухитоның таққа отыру рәсімі өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Осы шараның құрметіне банкет ұйымдастырылады. Әлемнің бірнеше елінен келген қонақтарға қандай тағамдар ұсынылады. Бұл туралы РИА Новости тілшісі Жапония үкіметінің дереккөзіне сүйене отырып хабаралады.
Инсайдердің айтуынша, банкет кезінде жапон тағамдары ұсынылады. Алайда, ел басшыларына олар бұрын жеп көрмеген өз елдерінде бұрын-сонды дәмін татып көрмеген тағамдар ұсынылмайды. Шетелдіктерге ыңғайсыздық тудыратын ас түрі қойылмайды."Негізгі мәзір жапон асханасы болады. Қонақтар дәстүрлі тағамдардан да дәм татады деп үміттенеміз. Шетелдіктерге ыңғайсыздық тудыратын ешқандай тағам қойылмайды. Ас мәзірлерінің қатарында теңіз шипмөңкесі, сиыр еті, лагнуст бар. Ал ешқандай кит, дельфин және ірі балықтар болмайды", - делінген дереккөзде.
Жалпы, барлығы 4 қонақасы жоспарланған. Олардың бірі бүгін кешке өтеді. Екінші кездесу күндіз өтеді. Түскі ас 25 қазанға жоспарланған. Кешкі және түскі ас мәзірлерінде қойылатын тағамдарда айырмашылық бар. Тағы екі іс-шара 29 және 31 қазанда өтеді.
Дереккөз мәліметінше, император қонақтарының арасында ет жемейтіндер де бар. Оларға көкөністен дайындалған тағамдар ұсынылады. Сонымен қатар мәзірде халал ет те болады. Мәзір алдын-ала жасалып, барлық қонақтармен келісілген.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаев: Украинаның жаңалықтарын күнделікті қадағалап отырамын
Өзгелердің жаңалығы