Жапонияда лай көшкінінен 10 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның орталық бөлігіндегі Атами қаласында 4 шілдеде болған көшкін салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты.

ҚазАқпарат ХАА бұған дейін тоғыз адамның опат болғаны туралы хабарлаған еді. 

Құтқарушылар екі апта бойы көшкін орнындағы үйінділерді тазалауды жалғастыруда. 

18 адам із-түзсіз жоғалып кетті. 37 мың халқы бар Атамидегі көшкін 4 шілдеде таңертең басталды. Оның ұзындығы шамамен 2 км, 130-дан астам үй мен ғимарат зақымданған. Көшкін Жапонияның орталық және шығыс аймақтарында бірнеше күнге созылған нөсер жаңбырдың салдарынан болды. Екі күнде кей жерлерде жауын-шашын мөлшері 400-ден 600 мм-ге дейін жеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы