Жапонияда дауыл салдарынан 13 мың адам әуежайда түнеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода мінез көрсеткен «Факсай» тайфунынан мыңдаған жолаушы сапарларына шыға алмай қалды, деп хабарлайды 24.kz. 

Дауыл салдарынан әуежай мен Токио арасындағы теміржол қатынасы да тежелді. Салдарынан 13 мыңға жуық адам халықаралық әуежайда түнеуге мәжбүр болды. Жергілікті билік жолаушылардың барлығын ауыз су, азық-түлік және төсек орынмен қамтамасыз етті.

Естеріңізге салайық, биыл «Факсай» Тынық мұхитынан шыққан он бесінші тайфун болды. Жапонияда бұл дауылдан 60-тан астам адам жарақат алып, 3 тұрғын көз жұмды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы