Жапонияда бұрын белгісіз болған жеті мың арал пайда болды
Жапонияда бұған дейін белгісіз болған жеті мың арал пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ СNN-ге сілтеме жасап.
Елдің Геокеңістіктік ақпарат басқармасы (GSI) жүргізген цифрлық картографиялау жұмыстары жақында Жапония аумағында 14125 арал барын анықтады. Бұл 1987 жылдан бері ресми түрде қолданылып келе жатқан арал санынан екі есеге артық.
Әлі күнге Жапония билігі мемлекеттің теңіз күзеті 35 жыл бұрын жариялаған деректерін қолданып келген. Көлдер мен өзен маңындағы аралдар есепке кірмегені белгілі болды.
Жаңа деректер Жапония иелігіндегі жердің жалпы аумағын өзгерткен жоқ. Сонымен қатар аралдардың жаңа саны жасанды түрде мелиорацияланған жеріне кірмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық архивте «Әйелдің әсем әлемі» көрмесі ұйымдастырылды
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы