Жапонияда белгісіз адам бастауыш сыныптың 18 оқушысына пышақ салған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең сағат 7:45-те Жапонияның Кавасаки қаласында жан түршігерлік оқиға орын алды.

Жапонияда Кавасаки қаласындағы саябақ маңындағы аялдамада мектеп автобусын күтіп тұрған бастауыш сыныптың 18 қызы мен 3 ересек адамға пышақпен қаруланған белгісіз қаскүнем пышақ салған, деп хабарлады бүгін қоғамдық NHK телеарнасы.
 
Жергілікті полицияның деректерінше, барлық жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген. Бір мектеп оқушысы мен бір ер адам қайтыс болған. Қалған зардап шеккендердің жағдайы орташа, ал үш адам ауыр жағдайда. Шабуыл жасаған адам ізін жасырғанымен көп ұзамай қолға түскен, ол өзіне өзі қол салмақ болған. Оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы