Жапонияда аю төрт адамды жаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Саппоро қаласына қоңыр аю кіріп кетіп, 4 адамды жаралады. Жыртқыш алдымен екі қарт кісі мен жасы 40-тар шамасындағы бір ер адамға шапқан.
Осыдан кейін оқиға орынынан ізім-қайым жоғалып, таң ата жаяу әскер лагеріне кіріп, тағы бір жауынгерге тарпа бас салған. Полиция аюдың ізіне түсіп, оны атып өлтірді. Жергілікті билік қалада қоңыр аюдың пайда болғанына аң-таң.
Себебі бұл жыртқыштар әдетте осы елдің Хоккайдо префектурасының орманында мекен етіп, тек азық іздеген кезде ғана жақын елді мекендерде көрінеді екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы жастары есірткі жарнамасының көзін жоюға көмектесті
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы