Жапонияда қатты жер сілкінісі орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магнитудасы 5,4 құрайтын жер сілкінісінің эпицентрі Тынық мұхитында жапониялық Кюсю аралына жақын маңда орналасқан. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады. 


Сәрсенбі күні Жапонияда 5,4 магнитудалы жер сілкінісі орын алды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Тынық мұхитында жапониялық Кюсю аралының оңтүстік-батысында орналасқан. 

Әзірше зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы еш мәлімет жоқ. Сол сияқты, цунами қаупі туралы мәлімдеме жасалмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы