Жапонияда алапат дауылдан 47 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда «Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам ажал құшты, деп хабарлады 24.kz.
Табиғи апаттан әуежай мен теміржол қатынасы толықтай тоқтады. Бұған қоса, Хонсю аралында электр қуаты мен байланыс жүйесі үзіліпті. Ал ел орталығындағы қалаларда өзендер арнасынан тасып, лай көшкіні тіркелген. Айта кетсек, қазіргі уақытта «Хагибис» тайфуны Токиоға қауіп төндіруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанда халықаралық театрлар фестивалі өтеді
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы