Жапонияда адам кейпіндегі алып роботтар жасалады

Жапонияда құтқару жұмыстарына арналған үш метрлік гуманоид-робот жасалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның жетекші университеттерінің бірі жекеменшік компаниялармен бірлесіп, соңғы үлгідегі адам кейпіндегі алып роботтарды жасауға кіріседі.  Жоба авторларының айтуынша, гуманоид-роботтардың биіктігі 3 метр, ал салмағы шамамен 300 келі болады. Олар сағатына 5 шақырым жылдамдықпен қозғалып, 100 келіден астам жүк көтере алады.

Роботтардың негізгі міндеті – жер сілкінісі мен табиғи апаттардан кейінгі құтқару жұмыстарына көмектесу, әсіресе қирандыларды тазалау. Табиғи апаттар жиі болып тұратын Жапония үшін бұл – стратегиялық маңызды технология, – деп жазды агенттік.

Жобаның алғашқы сынақ үлгісі 2026 жылдың соңына дейін дайын болады деп жоспарланып отыр. Ал кең көлемдегі өндіріс 2029 жылы басталмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kyodonews.net/
Өзгелердің жаңалығы